Текст
Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30- жылдығы қарсаңында мектебімізде «Тәуелсіздікке тағзым» мерекелік концерті өтті. Концертке Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина, білім бөлімінің әдіскерлері, жалпы, қосымша білім беру ұйымдары мен балабақша меңгерушілері қатысты. Адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар оқытушылар мен қосымша қызметкерлер Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Концерт өте тартымды, жоғары деңгейде өтті.