Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын кезеңдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерең еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Бүгін №8 ЖОББМ ZOOM-платформасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылындағы үздік 30 адам» атты диалог алаң өтті. Осы диалог алаңнына барлық ауыл және қала мектептері қатысты, ал 8 қала мектептері мен Тимашевка ауылының оқушылары жоба қорғады.