14.12.2021
8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңінің (тестілеу) екінші айналымын 2021 жылғы 14-15 желтоқсан аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өтеді.
Бейіндік пәндер бойынша тестілеуді өткізуге, тиісті секцияға 120 минут уақыт беріледі. Тестілеуге 89 оқушы қатысады.
Ғылыми байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Ғылыми байқау 4 кезеңде өткізіледі:
1)Бірінші кезең – аудандық;
2)Екінші кезең – іріктеу (ғылыми жобаны алдын-ала сараптамадан өткізу);
3)Үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезең екі турда өткізіледі. Бірінші айналым– жобаны қорғау, екінші айналым – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу.
Тестілеу 60 сұрақтан тұрады.
4)Төртінші кезең – республикалық.
Үшінші кезеңнің бірінші турында (облыстық) жеңісті Атбасар ауданының үш оқушысы жеңіп алды: Каблуков Артем 9сынып №3 орта мектебі, химия, жоба жетекшісі Сыздықова А.С.; Юрченко Анна, 9 сынып Шуйская ОМ, физика, жоба жетекшісі Аяндинова Е.В.; Амангелді Әйгерім, тарих 8 сынып №2 ОМ, жоба жетекшісі А.П.Бәкірова.
А.Юрченко мен К.Каблуков 9-сынып оқушылары болғандықтан, олар екінші тур-тестілеуден өтуі керек. Оқушыларді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта конференция кезеңдеріне қатысуларына сәттілік тілейміз !!!