14.12.2021
2021 жылғы 13 желтоқсанда аудан мектептерінде әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімді жұмысын ұйымдастыру мақсатында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері К. С. Копееваның Атбасар ауданының әлеуметтік педагогтар қауымдастығының басшысы А. Б. Суворкинамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік педагогтардың құжаттарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Істер номенклатурасы БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі өзгерістерімен 130 бұйрығына сәйкес айқындалды.