Бүгін, 2021 жылдың 10 желтоқсанында "Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Н. Наймушина 5-11 сынып оқушыларына арналған "Жақсылыққа жаралған жүрек" республикалық әлеуметтік жобалар фестивалінің финалистерін марапаттады. Бұл фестивальдің ұйымдастырушысы-адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты. Ақтық кезеңге Қазақстан қалаларының 16 командасы өтті, олардың арасында Атбасар қаласы да болды. Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектептің 7 "А" сынып оқушылары Атбасар Лебедев Никита, Сосковец Марина, Соседа Сергей, Касперская Алина, Ткачук Мария, Бородин Глеб "Маска сыйла" жобасы үшін III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің 7 "Б" сынып оқушылары Сүлейменов Тимур, Баяхметов Руслан, Құлбалин Арыстан, Гребенщикова Алина, Дроздов Сергей "Мектеп ауласын абаттандыру" жобасы үшін қатысу сертификаттарымен марапатталды. Аталған жобалардың жетекшісі, Атбасар қаласы №1 ЖББМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Альбрехт Тамара Родионовна фестиваль қатысушыларын дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!