10.12.2021
Мерекенің ең басты оқиғалары мұғалімдердің жұмыс орындарында — мектептерде, балабақшаларда және оқу орындарында өтеді. Өте әсерлі сәттер — құттықтаулар мен алғыс білдіру және мұғалімге ризашылық білдіру. Осындай атмосферада мұғалімдер туған күнді бақытты сезінеді. Атбасар ауданының білім бөлімінде аудандық кәсіподақ желісі бойынша мұғалімдерге құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан.
Әр қоғамда және барлық уақытта мұғалімнің еңбегі құрметке ие болды. Ол мұғалімнің жаңа ұрпақтарға берген білімі үшін ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің ересек әлемге жолсерігі болып, қоғамның заңдарын білуге және қоғамға сенімді кіруге көмектесетіні үшін бағаланды.
"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын іске асыру аясында жергілікті деңгейде еңбекте айтарлықтай биіктерге жеткен педагогтердің еңбегін көтермелеу мүмкіндігі іске асырылуда. Бұл педагогтың әлеуметтік мәртебесін арттырудағы маңызды қадам. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Атбасар ауданының білім бөлімінде педагог қызметкерлерді аудандық кәсіподақтың грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттау өткізілді. Білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина педагог қызметкерлерді құттықтады. Бұл әр түрлі мамандықтағы адамдар: мұғалімдер, зертханашылар, педагог-психологтар, тәрбиешілер, жүргізушілер, бірақ барлығын ортақ бір мақсат біріктіреді-жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу.
Білім бөлімі және кәсіподақ филиалы баршаңызға тұрақтылық, жасампаз еңбек, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейді!