29.11.2021
Білім туралы заңнама бойынша педагог қызметкерлер бар біліктілігін растау немесе жаңа біліктілігін беру үшін кемінде 5 жылда бір рет аттестаттаудан өтуге міндетті. Мұндай талаптар тек мұғалімдер мен оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар білім беру саласында жұмыс істейтін барлық адамдарға да қатысты.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде осы Қағидалардың өзгерістерін зерделеу мақсатында әдіскер Р.Едрисова "Әдістемелік сағат" өткізді. Әдістемелік сағат барысында аттестаттауды өткізу шарттары мен тәртібі, өтінім беру үшін қажетті құжаттарды дайындау түсіндірілді.
Жаңа Қағидалардың жаңалығы педагогтер үшін мынадай аспектілер болып табылады: ұлттық біліктілік тестілеу; эссе;біліктілік бағасы; қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)әдіскерлері үшін: біліктілікті бағалау; қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау; аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалау мен бағалауы сәйкес келмеген жағдайларда).
Білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін: ұлттық біліктілік тестілеу; біліктілік бағалау; қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау; аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалау және бағалау сәйкес келмеген жағдайда).
Заттар табылған және аудиторияда мінез - құлық қағидаларын бұзған педагог аудиториядан шығарылған немесе тестілеуде бөгде адам анықталған кезде акт жасалады және педагог бес жыл мерзімге (білім беру ұйымының басшылары-үш жыл) аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
Әдіскер: Р. Едрисова