25.11.2021
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскерлері Бастау ауылының №2 шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде білім беру қызметтерін ұсыну сапасына мониторингтік зерттеу жүргізді.
Білім беруді реформалау жағдайында оқыту тәсілдері өзгеруде. Оқушылардың білім мөлшерін игеруіне ғана емес, сонымен қатар қазіргі жағдайда өмірге бейімделуіне, оқушының жеке басының дамуына көбірек көңіл бөлінеді. Қазіргі жағдайда мектеп әкімшілігі үшін басымдық оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасау, қосымша білім алу үшін үйірмелер мен секциялардың кең спектрі, тәрбие жұмысының тиімділігі, балаларды әлеуметтік қолдау сияқты бағыттар болуға тиіс. Осы аспектілердің барлығы мониторингтік бақылаулар жүргізу кезінде қаралды. Мониторинг қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі талдау анықтамасымен танысты.