2021 жылғы 17-19 қарашада Қапшағай қаласы «Балдәурен» РООО базасында «Ұлттық құндылықтардың бастауы - тіл мен тарих» ұлттық жобасы аясында қазақ тілі, қазақ әдебиеті және тарих пәндері бойынша жас педагогтарға арналған семинар – практикум өткен болатын. Семинар-практикум жұмысына М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, Ш. Уәлиханов атындағы этнология тарихы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті қызметкерлері, педагогикалық шеберлік орталығының және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мамандары өздерінің білімімен бөліскен болатын. Бағдарлама бойынша «ҚМЖ: қалыптастырушы бағалау оларды ұйымдастыру және талдау», « Латын әліпбиі: тарихы және бүгінгі болашағы», «Кәсіби байқау және кәсіби бағыт - бағдар», «Білім беруде сандық технологияларды тиімді пайдалану», «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушы шығармашылығын дамыту» сияқты секция жұмыстары өткен болатын. Семинардың жабылу салтанатында қатысушылар мен қонақтарға сертификаттар табысталды. Семинар өте әсерлі және еске сақтар көп мәліметтер аларлықтай өтті. Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетерсін демекші осындай семинарларға, әсіресе өз жолын енді бастап келе жаткан жас мамандарға ат салысып қатысуға кеңес беремін.