18.11.2021
17 қараша күні ZOOM бағдарламасы арқылы Атбасар қаласының №3 орта мектебінің және Атбасар қаласының №4 мектебінің 10, 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жасөспірімдерге екпе салу мәселесі бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесуді білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина жүргізді.
Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бөлім меңгерушісі Красилова О.А., аудандық балалар консультациясының педиатры Ермилова И.А., аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Демидова Г.В., мектеп директорлары, сынып жетекшілері мен медицина қызметкерлері де қатысты.
Ата-аналар күн тәртібіндегі сұрақтарды қоя алды.