«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-6 сынып оқушылары арасындағы ұлттық ойындар бойынша аудандық жарыстар

16.11.2021
Атбасар ауданының білім бөлімінің дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбелік іс– шаралар жоспары және Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері арасында "Мектеп лигасын" өткізу туралы ереже негізінде    2021 жылғы 12 қарашада Атбасар қаласының № 7 және №8 жалпы білім беретін мектептерінің базасында ұлттық ойындар ("Тоғыз құмалақ", "Асық") бойынша Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында аудандық жарыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық біріншілікте жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:
Асық 
I орын –Атбасар қ. №4 ЖББМ; II орын-Атбасар қ. №1ЖББМ; III орын-Мариновка а. №1 ЖББМ
Тоғыз құмалақ
I орын-Мариновка А. №2ЖББМ; II орын-Бастау а. №1ЖББМ; III орын-Атбасар қ. №7 ЖББМ
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Атбасар қаласы № 8 ОМ директоры 
Р. Н.Смагуловаға және Атбасар қаласы № 7 ОМ директоры Қ. А. Есмагамбетоваға, сондай-ақ осы мектептердің дене шынықтыру мұғалімдеріне жарысты ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
Осы жарыстың қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық түрлер бойынша мектеп лигасының финалдық (облыстық) бөлігіне Атбасар қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы Асық ұлттық ойынында бірінші орын алды   және Мариновка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
2021 жылғы 16 қарашада Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина  Мариновка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі және Атбасар қ. №4 жалпы білім беретін мектебі оқушыларының командаларымен жарыстың финалдық бөлігіне жіберер алдында кездесу өтті.
 
Просмотров: 177


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст