«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен БКМ

16.11.2021

15 қараша күні Атбасар  ауданы бойынша білім бөлімінің  басшысы Н. Наймушина ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен БКМ өткізді. Мәжілісте жеткіншектерді вакцинациялау мәселесі қаралды. Атбасар  аудандық санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының  басшысы  Красилова О. А. сөз алып, COVID19-дан қорғанудың тиімді жолы  иммунизациялау екендігіне назар аударды. 17 қарашадан бастап ауданға Пфайзер өндірісінің вакцинасы келіп түседі. 12-17жастағы жеткіншектер олардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің  ақпараттандырылған  жазбаша келісімі бойынша вакцина алатын болады. Вакцинадан бас тартқаны  үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік  қарастырылмаған. Аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Демидова Г. В. вакцина егу шартын түсіндірді. Бұл вакцинаны білім саласындағы жүкті әйелдер мен емізулі аналарға да алуға болады. Вакцинация тегін, әрі ерікті  болып табылады. Сонымен қатар, "Педагог мәртебесі туралы" заңды сақтау, педагогикалық әдеп бойынша кеңестің, әр еңбек ұжымындағы келісім комиссиясының жұмыстары туралы мәселе қаралды (Р. Едрисова); Атбасар  ауданы  білім  бөлімінің бас маманы А Исасейтова "Алтын  белгі" аттестатына үміткерлердің журналдарын тексеру, ҰБТ-дайындалу, экотәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру мәселесі бойынша ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу жайлы мәселелерге тоқталды. Білім  бөлімінің басшысы Степногор қ. спорттық мектеп-интернатында  орын алған ұрып-соғу, бопсалау оқиғасына, Көкшетау қ. №13 мектептегі жарамсыз тепловизор жағдайына тоқталды,  аталған мәселелер бойынша өз  ұжымдарымен  директордың жанындағы мәжіліс  өткізу туралы нұсқау берді.

 

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст