«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық ассоциациясының отырысы

05.11.2021

03 қарашада аудандық орыс тілінде сабақ беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің аудандық ассоциацияның отырысы өткізілді. Аудандық тілдер әдіскері Козыбакова Аселя Мухтаровнаның басшылығымен жалпы тіл мәселесі күрделі мәселе қазіргі таңда. Ахмет Байтұрсынұлының сөзіне сүйенсек, тіл халықтың- жаны деп, тіл мамандарының арқалаған жүгі өте ауыр. Соған қарамастан өзге ұлттың өкілдерін оқытуға келгенде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің үлестері өте зор. Білім мен тәрбиені ұштастырып, 21- ғасырдың бәсекеге сай мұғалімдері деген атаққа сай болып, әдістемелік тәжірибелерін дамытып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп шеберлері деп айтуға болады. Бүгінгі отырыста спикерлер соны дәлелдеді. Атап айтсақ №6ОМ - Ашимова Бибигуль Толеубаевна, Мариновка ОМ - Қалмағанбетова Лена Құрметханқызы, Тельман ОМ - Саурыкова Гульмира Маратовна, Түзеу мекемелері жанындағы ЖОББ мектебі - Смагулова Динара Муратовна сияқты мұғалімдер іс –тәжірибелері мен авторлық бағдарламаларымен бөлісті. Отырыста қосымша Мариновка орта мектебінің мұғалімі Мухамедгалиева Сауле Оразбековна қуанышты жаңалығымен бөлісті - оқулықтардың өзгеретіндігі туралы айтты. Әдіскері Асель Мухтаровна әдістемелік ақпараттармен таныстырып, әрбір жасалып жатқан істерге кері байланыс беріп жол сілтеп отырды. Әріптестер қойған сұрақтарына толық жауаптарын алды. Осындай отырыстар, конференциялар уақытында өткізіліп, отырғаны өте орынды.

 

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст