Текст
2021 жылдың 29 қазанында Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде « Жас Ұлан: кеше, бүгін, ертең» атты аудандық семинар өтті. Семинарды өткізу барысында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттер, экологиялық тәрбие, мұражайдағы сабақтар және дебаттық қозғалыс сияқты бағыттар бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырудың стандартты емес тәсілдері қолданылды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер қатысты. Семинарды ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасы мен кәсібилігі үшін Шуйский ауылының әкімшілігіне, педагогикалық ұжымына және жалпы білім беретін мектеп оқушыларына алғыс айтамыз!