15.10.2021
2021 жылғы 15 қазанда №1 ОМ Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен, білім бөлімінің әдіскерлерімен және мамандарымен кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізу қорытындысы туралы (бас маман Г.Т. Абдрахманова), ауданның білім беру мекемелерін педагогикалық кадрлармен толықтыру туралы (әдіскер А. С. Адамова), аудан мектептерінде оқитындарды оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету туралы (әдіскер А. М. Қозыбақова), білім беру ұйымдарында оқыту форматы туралы (аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Серкебаева З.Т.), 2021 жылы аудан мектептерінің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы (бас маман Исасеитова А. Т.)
Сұрақтар қарастырылды: мектеп сайтында "Мектептегі тамақтану" бөлімін толтыру және мемлекет көмегін алуға құқығы бар білім алушыларды мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша; ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы; нотариалды сенімхат негізінде балалардың туыстарымен бірге тұруының заңдылығы туралы; жұмысқа алғаш рет кіріскен мұғалімдердің және жаңадан тағайындалған директорлардың тәлімгерлік жұмысы туралы.
Соңында уақтылы толтыру бойынша Kundelik.kz туралы рейтинг жүргізілді (әдіскер Д.В. Терешкина).