11 қазан күні Атбасар ауданы білім блімінің басшысы Наймушина Н. Г. ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен БКМ өткізді. Онда Kundelik.kz толтыру (мектептердің белсенділігі, журналдарды толтыру, үй тапсырмасын беру) (Д. Терёшкина), мектеп психологтарының жұмыстары (оқушыларға кодтар беру, әлеуметтік желілерде басылымдар жариялау, отбасы-тұрмыстық зорлық- зомбылықтардың, қатыгез қарым -қатынастардың, суицидиің алдын алу) (Е. Завьялова), халықты вакцинациялау және халық санағын алу, әскери міндеттілерді есепке қою, (А. Адамова), қорғаншылыққа алынған балалар туралы есепшілікті, дәрігерлік анықтамалар мен тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы бойынша актілерді уақтылы ұсыну (Л. Мурзахметова), 27 қазан күні елді мекендердегі мектептердің 8 сынып оқушылары арасында IQanat олимпиадасын өткізу, білім алушылар арасында ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша "Пластикті өңдеуді қолда" ИӘ"де! "акциясын өткізу, Дарын-онлайн платформасында ҰБТ байқау сынақтарын өткізу, карантиндегі балалардың оқытылуын бақылау (А. Исасеитова), дене тәрбиесі сабақтары кезінде спорт залындағы ережелер бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар туралы (Д. Чарушин) мәлелелер қаралды, бөбекжайларға, балабақшалар мен шағын орталықтарға келу қорытындылары (И. Семенча), қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі минимумдары бойынша оқудан өту (И. Кузнецов) туралы мәселелер де қаралды. Атбасар ауданында оқушылардың ата-аналарына арналған жобаның жүзеге асырылуы бойынша басшылар алдында Бейби шоп Тимоша дүкендер желісінің директоры Айдаралиев Ерлан Тилекович сөз сөйледі.