08.10.2021
Ағымдағы жылдың 16 тамызынан бастап Атбасар ауданының 11-сынып оқушылары үшін "Bastau" әлеуметтік жобасын іске асыру, мектепте өзінің алғашқы стипендиясын алудың тамаша мүмкіндігі болды.
Атбасар ауданының мектеп түлектері болып табылатын табысты, жас кәсіпкерлердің бастамашыл тобы аудан мектептерінің 11 сынып оқушыларына 9 ай бойы 10 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия ретінде қаржылық қолдау көрсетуді шешті.
Бұл стипендияны алу үшін түлек " Маған шәкіртақы не үшін керек? Мен қоғам үшін не істей аламын?" тақырыбына 500 сөзден тұратын, мотивацияланған эссе жазып, оны 12 қыркүйекке дейін ұйымдастырушылар сайтына жүктеуі керек болды.
Стипендияны алу конкурсына қатысу үшін эсседен басқа міндетті талаптар түлектің академиялық үлгерімі, орташа балл 5.0-ден 4.0-ден кем болмауы тиіс. Түлектің мектеп мұғалімінен ұсыныс хатының болуы.
Өтініш білдірген эсселермен, мектеп пәндері бойынша үлгерім табельдерімен және ұсыныс хаттармен танысқаннан кейін өтініш берген 76 түлектің 31-і әңгімелесудің екінші кезеңіне өтті.
Әңгімелесу 16,17,18 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы өтті.
20 қыркүйекте жоба ұйымдастырушылары 16 жеңімпазға хабарлама жіберді.
Стипендия иегерлері: №2 ЖББМ (Молчанова Алина, Иванова Дарья, Хадисова Седа, Мустафаева Лейла, Баранникова Виолетта), №3ЖББМ (Сыздыкова Адия, Торгкин Данил), №4ЖББМ (Люльчак Софья), №5ЖББМ (Нагоева Мадина), №7ЖББМ (МырзагулАрай, Каденов Алишер), Ақан Құрманов а. ЖББМ (Аскерова Карина), Мариновка а. ЖББМ(Диана Ерболат), Новосельск а. ЖББМ (Крузе Юлия), Тимашевка а. ЖББМ (Багусова Амина), Шуйский а. ЖББМ (Ашкенов Әділ).
2021 жылғы 7 қазанда №7 орта мектепте "BASTAU" әлеуметтік жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Куатбеков Куаныш Омырзакович, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, жобаны ұйымдастырушылардың өкілі Аканов Нурлан, мектеп директорлары, жеңімпаз түлектер қатысты.
Түлектер мен ұйымдастырушылар жайлы, жылы достық ортада жоба туралы пікірлерімен бөлісті. Түлектер ұйымдастырушыларға жоба үшін және қыркүйек айында алған стипендиясы үшін алғыстарын білдірді.