06.10.2021
2021-2022 оқу жылында қала мен ауданның барлық мектептерінде ыстық және буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.
Тегін ыстық тамақпен 2244 оқушы қамтылған, бұл 31% құрайды.
Жаппай оқыту қоры есебінен тегін ыстық тамақпен 808 бірінші сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылардан шыққан 597 оқушы қамтылған.
ЖШС қаражаты есебінен ыстық және буфеттік тамақпен 100% тегін қамту 11 ауылдық мектепте жүзеге асырылады: Магдалиновка а. БМ («Нұр-777» ЖШС), Титовка а. БМ («Полтавка-2» ЖШС), Родионовка а. НОМ («Алтындан» ЖШС), Самарка а. НОМ («Самарка-1» ЖШС), Новосельское а. ЖББМ («Новосельское-1» ЖШС), Покровка а. ЖББМ ( «Әріп-Агро» ЖШС), Полтавка а. ЖББМ («Полтавка-2» ЖШС), Сочинское а. ЖББМ («Шортанбай – 2019» ЖШС), Сепе а. ЖББМ («Сепе – 2012» ЖШС), Тимашевка а. ЖББМ («Алтындан» ЖШС), Шуйское а. ЖББМ («Шуйское ХХІ» ЖШС).
Барлық білім беру мекемелерінде тамақтану бекітілген төрт апталық мәзірге сәйкес жүзеге асырылады.
Абдрахманова Г.Т., бас маман