«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім бөлімдерінің денешынықтыр ужәне АӘТД мәселелерін бағыттаушы әдіскерлерінің облыстық семинар-кеңес

24.09.2021
2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Зеренді ауданы, Зеренді ауылының М. Ғабдулин атындағы мектеп базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Ақмола облысы білім бөлімдерінің дене шынықтыру және АӘТД мәселелерін бағыттаушы әдіскерлерінің офлайн форматтағы облыстық семинар - кеңесі өтті.
Семинардың мақсаты:
-әскери-патриоттық бағыттағы спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстарды өткізудің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
-covid -19 кезінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында денешынықтыру және бастапқы әскери дайындық бойынша оқу процесін тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру
Семинар – кеңеске қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар жас өспірімдер туризмі, өлкетанужәне экология орталығы директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Л.К.Толуспаева құттықтау сөз сөйледі.
Семинар-кеңес бағдарламасы аясында 6 қатысушының баяндамасы тыңдалды. Баяндамалар мен талқылаулардың тақырыбы Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, "ұлттық мектеп лигасын" өткізу, сондай – ақ Ақмола облысының білім бөлімдерінде 2020-2021 оқу жылындағы спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен әскери-патриоттық бағыттағы жұмысты талдау болды. Облыстық семинар-кеңестің қорытынды бөлімінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ жаңа оқу жылында спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шаралар талқыланды.
 
 
 
 
Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст