16.09.2021
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Атбасар ауданының 7 мектебінің 23 түлегі жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңіне қатысты.
Президенттік олимпиаданы ұйымдастырушы-Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Дарын " Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Президенттік олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және олардың әрі қарай зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету.
Президенттік олимпиадаға "Алтын белгі" немесе "Үздік Аттестат" үміткер 11-сынып оқушылары, қатыса алады.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде бір мезгілде төрт пән: математика, физика, химия, биология бойынша тапсырмаларды орындайды.