10.09.2021
Атбасар ауданында 2021 жылдың шілде айынан бастап білім беру сапасына рттыру және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында "STEM – Kyzdary" жобасы іске қосылды, оны "Білім керуені" корпоративтік қоры канадалық жергілікті бастамаларды қолдау қорымен (CFLI) әріптестікте іске асыруда.
9 қыркүйек күні сағат 16:00-де жоба ұйымдастырушыларымен ZOOM арқылы кездесу өтті. Кездесуге мектеп директорлары, оқу ісі меңгерушілері, информатика, робототехника, математика, физика, химия, география пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Жоба ұйымдастырушылары осы жобаның мүмкіндіктері туралы айтып, мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқыту базасымен таныстырды. Робототехника бойынша командаларды дайындау бойынша халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылар Қазақстан оқушыларының әлемдік деңгейдегі олимпиадаларға қатысуы туралы бейнеролик көрсеті, робототехника бойынша білім алумүмкіндіктері туралы айтып берді.
Осы жобаны іске асыру аясында 2021 жылдың 10-17 қыркүйек аралығында аудан мұғалімдерін, 17-24 қыркүйек аралығында оқушыларды оқытуды бастау жоспарлануда. 30 қыркүйек-1 қазан аралығында оқытудың онлайн бөлігін өту негізінде іріктелген ауданның 60 оқушысын жинау жоспарланған Хакатон өтеді; 4-8 қазан күндері өз мектебінде робототехниканы дамытуды жоспарлап отырған оқушылар мен педагогтардың күндізгі оқуы өтеді. 8 қазанда робототехника бойынша жарыстардың аудандық турының жеңімпаздары жарияланады. Робототехника бойынша облыстық олимпиадаға қатысаалатын 5 адамнан 2 команда іріктеледі.
Осы бағдарлама бойынша оқудан өтетін барлық оқушылар сәуір айында "Инфо-Матрикс" жарысында өнер көрсете алады, онда Алматы қаласындағы С.Демирель университетіне гранттары ойнатылатын болады.