«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

PIRLS мәтінін оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеу

07.09.2021
2021 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында ауданның үш мектебінде (№3ЖББМ, №4ЖББМ және Ново-Мариновка НМ) оқу жетістіктерін бағалау бойынша  жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен консорциумда Халықаралық қауымдастығымен  ұлттық орталықтардың қатысуымен PIRLS мәтінін оқу және түсіну сапасына халықаралық зерттеу жүргізетін болады. Бұл зерттеу әлемнің әртүрлі елдеріндегі бастауыш сынып оқушыларының жазбаша мәтінді оқу және түсіну деңгейін, сапасын салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйелеріндегі өзгерістерді анықтауға және салыстыруға мүмкіндік береді.
Бүгін, 2021 жылғы 6 қыркүйекте Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., білім бөлімінің бас маманы Исасеитова А.Т., аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Серкебаева З.Т. ҚР БҒМ ақпараттық-талдау орталығы ұйымдастырған PIRLS негізгі зерттеуін өткізуге дайындық барысын талқылау үшін өңірлермен онлайн - кездесуге қатысты.
Кездесуде TIMSS математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасына халықаралық зерттеуді, PISA оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаны, ICILS компьютерлік және ақпараттық сауаттылығына халықаралық зерттеуді және PIRLS мәтінін оқу және түсіну сапасына халықаралық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қаралды.
 
 
 
Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст