07.09.2021
2021 жылдың 3 қыркүйегінде химия және биология мұғалімдері аудандық қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.
Отырысты білім бөлімінің бас маманы, химия және биология мұғалімдері қауымдастығының кураторы А.Т.Исасеитова ашты.
Химия және биология мұғалімдері аудандық қауымдастығының жетекшісі Терешкина Я.В. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.Талқылау мен ұсыныстар енгізілгеннен кейін: МАҚ жұмыс жоспарын бекітілсін деген шешім қабылданды.
АйнашТөлеубекқызы өз сөзінде элективті курстардың атауы, түсіндірме жазбасы, курстың мақсаттары мен міндеттері, жоспарланған оқыту нәтижелері, КТП (34 немесе 68 сағатқа), әдебиеттер тізімі болуы тиісекенін атап өтті.
Мұғалімдер "Еркін микрофон" режимінде өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.