Бүгін 1-қыркүйек күні №8 ОМ-зде “Білім күні” мерекесіне арналған 1,11 сыныптар үшін "Кел, балалар оқылық" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Осы жиынға құрметті қонақтарымыз болып жастар ресурстық орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Н.Жакишева, Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Ә.Козыбакова және мектебіміздің ата-аналар ассоциациясының төрайымы С.Наукеева келіп қуанышымызға ортақтасып, өз жылы лебіздерін білдірді. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Р.Смагулова алып, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Оқу ісінің меңгерушісі У.Кемерова 2021-2022 оқу жылының бұйрығымен таныстырды. 1 сынып оқушыларына "Әліппе" оқулықтары үлестірілді. Сонымен бірге, 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта "Тәуелсіздіктің жетістіктері" атты сынып сағаттарына қатысып белсенділік танытты. Мектеп ұжымы баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге жаңа оқу жылында жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!