2021 жылғы 1 қыркүйекте Атбасар қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің базасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта 1 –ші және 11 - ші сынып оқушылары үшін білім күніне арналған "Қазақстанның тәуелсіз туы астында" атты салтанатты жиын өтті. Мерекеге аудандық мәслихаттың депутаты, "Қамқор Локомотив" ЖШС директоры Жапаров Марат Дүйсенбайұлы және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Чарушин Дмитрий Юрьевич қатысты. Жиын "Жас Сарбаз" мамандандырылған сыныбының тәрбиеленушілері мектептің туын алып шығудан, мемлекеттік әнұранды орындаудан, қонақтарды және мектеп директоры Шахарман Ерғазықызы Бекмағанбетованың құттықтау сөздерімен басталды. Білім күніне орай бірінші сынып оқушылары мектеп туралы өлеңдер оқып, мереке қонақтары мен мектеп түлектері бірінші сынып оқушыларына ӘЛІППЕ табыс етті. Жиын соңында оқу жылының басында дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылды.