2021 жылғы 26, 27, 31 тамызда Атбасар және Жақсы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 25.08.2021 жылғы № 2/1191 хаты және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің 25.08.2021 жылғы № 02-03/230 бұйрығы негізінде Атбасар және Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында Атбасар ауданының орта мектептерінің БӘТДЖ ұйымдастырушы - оқытушыларымен оқу - әдістемелік семинар – кеңес отырысы өткізілді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім педагогтары мен қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мақсатында оқытушылармен сабақтар жеке ауылдық және қалалық мектептер топтары бойынша өткізілді. Семинар-кеңестің тақырыбы 2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау және ҒТБП-ның оқу-материалдық базасын қалыптастыру болды. Мақсатты топ 20 адамды құрады, Атбасар және Жақсы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 1 өкілі. Семинар-кеңес бағдарламасы аясында күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, оқу-дала жұмыстарын жүргізу қарастырылды