Ақмола облысының бірыңғай байланыс орталығы – iKomek 109

11.11.2026

ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің назарларыңызға облыстың бірыңғай байланыс орталығы – iKomek 109 қызметін ұсынамыз!

Егер сізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электр және сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол инфрақұрылымы, қоғамдық көлік және басқа да өзекті мәселелер туындаса, бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз.

109 байланыс орталығы арқылы қандай мәселелер бойынша өтініш беруге болады?

🔹 Электр энергиясымен қамтамасыз ету (жарықтың өшуі, кернеудің төмендеуі);
🔹 Сумен жабдықтау (судың болмауы, қысымның төмендеуі);
🔹 Жылумен қамтамасыз ету (жылыту радиаторларының суық болуы, жылу желілеріндегі ақаулар);
🔹 Лифт шаруашылығы;
🔹 Аулаларды абаттандыру;
🔹 Санитарлық тазалық және қоқыс шығару;
🔹 Құдықтар мен кәріз жүйелеріне қатысты мәселелер;
🔹 Жолдар мен тротуарларды жөндеу;
🔹 Қоғамдық көлік қозғалысының кестесі;
🔹 Ветеринариялық қызмет;
🔹 Туристік нысандар туралы ақпарат.

📞 109 нөмірі – тегін және тәулік бойы қолжетімді!

📲 Сонымен қатар өтініштеріңізді Telegram-бот арқылы жолдай аласыздар: @IKOMEK109AQMOLABOT

Туындаған мәселелерді дер кезінде хабарлап, өңіріміздің дамуына және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесіңізді қосыңыз!

iKomek 109 – сіздің мәселеңізді шешуге бағытталған бірыңғай байланыс орталығы!

Просмотров: 21


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу