«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
20.10.2026
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» аудандық байқауының қорытындысы
2026 жылғы 20 қазан күні Атбасар аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне орай өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту және дарынды оқушыларды қолдау.
Байқауға қатысқан оқушылар өздерінің тілдік білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтары мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар қазақ тілінде өздерін таныстырып, өлең оқып, ән орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- І дәрежелі диплом — №2 ЖОББМ оқушысы Базгиева Алия. Ақшалай сыйлық — 150 000 теңге.
- ІІ дәрежелі диплом — Садовое ауылының НОМ оқушысы Закирова Ясмин. Ақшалай сыйлық — 100 000 теңге.
- ІІІ дәрежелі диплом — №6 ЖОББМ оқушысы Семенча Софья. Ақшалай сыйлық — 50 000 теңге.
Сонымен қатар, белсенділігімен, шығармашылығымен және қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды:
- «Тапқыр тілші» — Санхур Асинат, Тельман ЖОББМ;
- «Тіл жанашыры» — Гаджиев Рафиг, №4 ЖОББМ;
- «Шығармашыл қатысушы» — Петухова Анастасия, №1 ЖОББМ;
- «Қазақ тіліне сүйіспеншілігі үшін» — Клингенберг Марина, Мариновка ауылының №1 ЖОББМ;
- «Өнерлі өрен» — Божко Екатерина, Шуйское ауылының ЖОББМ.
Аудандық байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларды дайындауға зор үлес қосқан №7 ЖОББМ ұжымына және мектеп директоры Алкенова Н.А.-ға ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық мектеп директорларына, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне оқушыларды қолдап, мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Барлық жеңімпаздар мен номинация иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да білімдеріңіз бен өнерлеріңізді шыңдап, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік – елге деген құрметтің белгісі. Қазақ тілі жасай берсін!
