Лингвистика пәні бойынша олимпиада
22.10.2026
Атбасар ауданында
аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 20 қазанда Атбасар ауданының №1 ЖББМ базасында лингвистика пәні бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға ауданның 13 мектебінен 57 оқушы қатысып, өздерінің білімдерін, тілдік қабілеттерін, логикалық ойлау дағдыларын және күрделі тапсырмаларды орындау шеберліктерін көрсетті.
Олимпиада тапсырмалары жоғары деңгейде құрастырылып, қатысушылардан терең білімді, зеректілікті, шығармашылық ойлауды және тілдік заңдылықтарды талдай білуді талап етті. Сайыс өте күрделі әрі тартысты өтті. Оқушылар өз білімдерін сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін бар күш-жігерлерін жұмсады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
І орын:
- Амангельды Аруай — №2 ЖББМ 9-сынып оқушысы;
- Туйкаева Сабина — №2 ЖББМ 9-сынып оқушысы;
- Кауенов Диар — №8 ЖББМ 11-сынып оқушысы;
- Нұрболат Сырым — Бастау ауылы №2 ЖББМ 8-сынып оқушысы.
ІІ орын:
- Мамайұлы Алихан — Мариновка ауылы №2 ЖББМ 8-сынып оқушысы;
- Қайыржан Ильнара — №7 ЖББМ 9-сынып оқушысы;
- Кокенай Дархан — Мариновка ауылы №2 ЖББМ 10-сынып оқушысы;
- Цыбик Ангелина — №3 МГ 11-сынып оқушысы.
ІІІ орын:
- Габдулгафар Адлет — Бастау ауылы №2 ЖББМ 9-сынып оқушысы;
- Бегежанова Диана — Бастау ауылы №1 ЖББМ 10-сынып оқушысы;
- Скандер Медина — №2 ЖББМ 11-сынып оқушысы.
Жүлдегер оқушыларды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушылардың білімге деген құштарлығы мен табандылығы, ұстаздарының еңбегі алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға жол ашсын!
І орын иегерлеріне облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер көп болсын!
Білімді ұрпақ — ел болашағы!
Атбасар ауданы бойынша дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер — Мұстафина Г.С.