Сыни ойлау және философия пәндері бойынша аудандық олимпиада
23.10.2026
Сыни ойлау және философия пәндері бойынша аудандық олимпиада өтті
2026 жылғы 23 қазанда Атбасар ауданының №5 жалпы білім беретін мектебінің базасында сыни ойлау және философия пәндері бойынша аудандық олимпиада өтті.
Олимпиадаға ауданның 6 мектебінен 25 оқушы қатысты. Қатысушылар өздерінің сыни ойлау қабілеттерін, логикалық пайымдау дағдыларын және философиялық көзқарастарын көрсетті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және білімге деген қызығушылығын арттыру.
Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер
Мустафина Г.С.
Просмотров: 18