05.06.2026
Білім бөлімі қызметкерлері күн сайын өздеріне бекітілген аумақта – теміржол саябағынан вокзалға дейінгі аралықта тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, аумақ қоқыстан тазартылуда, шөп шабылып, жасыл желектер күтіп-бапталуда. Сонымен қатар бордюрлар мен ағаштар әктеліп, қоғамдық орындардың көркі жақсаруда. Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру жолындағы бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қала келбетінің жақсаруына ықпал етеді. Біздің бастамамыз өзге қала тұрғындарына да үлгі болып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне атсалысуға жігер береді деп сенеміз. Қаламыздың тазалығы мен тәртібін сақтау арқылы оны баршаға қолайлы әрі көркем мекенге айналдыра аламыз.
