04.06.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атбасар қаласында «Таза отбасы – Таза Атбасар» атты отбасылық экологиялық квест өтті. Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған отбасылар қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық пен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Квесттің бір кезеңі ретінде қаланың бір көшесін тазалау бойынша экологиялық акция ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек балалар мен ата-аналарды жақындастырып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Іс-шара достық, өзара көмек және қоршаған ортаға жауапкершілік рухында өтті. Осындай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және отбасы құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.



