«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Соңғы қоңырау – 2026»: балалық шақпен қоштасу және жаңа өмірге қадам

26.05.2026

«Соңғы қоңырау – 2026»: балалық шақпен қоштасу және жаңа өмірге қадам

«Соңғы қоңырау» – қуаныш пен қимастық сезімі қатар өрілетін ерекше мереке. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл – білім алудың жаңа сатысына өту болса, түлектер үшін – балалық шақпен, мектеппен, ұстаздармен және сыныптастармен қоштасатын маңызды күн.

2026 жылғы 25 мамыр күні Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні мектеп ауласы көтеріңкі көңіл күйге, шаттыққа, ақ тілектер мен әсерлі сәттерге толы болды. 1–11 сынып оқушыларына арналған салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.
Мерекелік жиында мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна, педагогика саласының ардагері Ахаев Хамзат Хамидович және Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Мотузкова Оксана Сергеевна құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, өз мақсаттарына сенімді қадам басуға тілектестік білдірді. Сонымен қатар барлық оқушыларға жарқын, қызықты әрі қауіпсіз жазғы демалыс тіледі.
2025–2026 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Позднякова Т.В. таныстырды.
Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – Соңғы қоңырау соғу құрметінің 11 «А» сынып оқушысы Лебедев Никитаға және 1 «А» сынып оқушысы Смағұлова Маликаға берілуі болды. Қоңырау үні мектеп өмірінің маңызды бір кезеңінің аяқталғанын және түлектер үшін жаңа өмір жолының басталғанын білдірді.
Алда оқушыларды жауапты емтихан кезеңі, мамандық таңдау және жаңа өмір белестері күтуде. Әрбір түлек алған білімін лайықты дәлелдеп, армандарына нық қадам бассын дейміз. Ал жаз мезгілі барша оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас демалыс сыйласын!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст