«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік арнайы педагогтер: тәжірибе, шеберлік, нәтиже

19.05.2026

Арнайы педагогтердің кәсіби шеберлігі жоғары бағаланды
2026 жылдың сәуір айында Ақмола облысында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесін таратуға және педагог мәртебесін көтеруге бағытталған «Білім беру ұйымдарының үздік арнайы педагогі» облыстық онлайн байқауы өтті.
Байқау білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері арасында екі номинация бойынша ұйымдастырылды: «Мектепке дейінгі ұйымның үздік арнайы педагогі» және «Жалпы білім беретін мектептің үздік арнайы педагогі». Байқауға кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашылық ізденісі мен заманауи білім беру технологияларын меңгерген педагогтер қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты — талантты педагогтерді қолдау, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ арнайы және инклюзивті білім беру саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби қауымдастығын дамыту болды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің тиімді тәжірибелерін таратуға ерекше назар аударылды.
Атбасар ауданынан байқауға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда жоғары кәсібилік пен нәтижелілік көрсетіп жүрген педагогтер қатысты.
«Жалпы білім беретін мектептің үздік арнайы педагогі» номинациясы бойынша «Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің дефектолог-мұғалімі Терентьева Алина Анатольевна қатысты. Педагог түзете-дамыту жұмыстарында заманауи тәсілдерді тиімді қолданып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сапалы білім алуы, дамуы және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасайды.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік арнайы педагогі» номинациясы бойынша Атбасар ауданының инклюзивті тәжірибелерді енгізу жөніндегі тірек ұйымы болып табылатын «Алтын бесік» бөбекжайы» МКҚК-нің логопед-мұғалімі Тополева Наталья Николаевна қатысып, өз тәжірибесін ұсынды. Педагог кәсіби қызметінде тәрбиеленушілердің сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөліп, түзету жұмыстарының тиімді әдістері мен заманауи білім беру технологияларын қолданады.
Байқау барысында қатысушылар ашық сабақтар мен оқу қызметтерінің бейнежазбаларын, кәсіби жетістіктер портфолиосын және өз педагогикалық тәжірибелерінің таныстырылымдарын ұсынды. Байқау материалдары педагогтердің кәсіби даярлық деңгейін, заманауи білім беру технологияларын меңгеруін, жеке және сараланған тәсілдерді қолдануын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Атбасар ауданының педагогтері жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сертификаттармен марапатталды:
«Жалпы білім беретін мектептің үздік арнайы педагогі» номинациясы бойынша III орынға (40 мың теңге) «Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің дефектолог-мұғалімі Терентьева Алина Анатольевна ие болды;
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік арнайы педагогі» номинациясы бойынша II орынға (60 мың теңге) «Алтын бесік» бөбекжайы» МКҚК-нің логопед-мұғалімі Тополева Наталья Николаевна ие болды.
Байқау материалдарын бағалау барысында қазылар алқасы педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне, жұмыс нәтижелілігіне, шығармашылық әлеуетіне, педагогикалық интуициясына, коммуникативтік дағдыларына және білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру қабілетіне назар аударды.
Атбасар ауданы педагогтерінің кәсіби шеберлік байқауына қатысуы аудандағы инклюзивті білім беру жүйесінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетті. Осындай байқаулар тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратуға, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандарды қолдауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мотузкова О. С. - инклюзивті білім беру әдіскері

Просмотров: 56


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст