08.05.2026
2026 жылғы 5 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында әлеуметтік педагогтерге арналған «Әлеуметтік педагогтің тиімді үшжақты байланысы және стресске төзімді эмоционалдық интеллекті» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Іс-шара Ақмола облысының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету аясында ұйымдастырылды.
Семинар әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім алушылармен және отбасылармен өзара іс-қимыл жасаудың практикалық дағдыларын жетілдіруге, мамандардың эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларды сүйемелдеу мәселелерінде ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Семинар барысында Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әдіскері Мусипова Самал Талғатқызы тарапынан КОПД кестелерін дұрыс толтыру, қажетті есептік құжаттамаларды жүргізу және әлеуметтік-педагогикалық құжаттамаларды рәсімдеу кезінде талаптарды сақтау бойынша жан-жақты әдістемелік ұсынымдар берілді. Қатысушыларға кестелерді толтыру кезінде жиі жіберілетін негізгі қателіктер, деректерді енгізу тәртібі, ақпараттың өзектілігіне қойылатын талаптар және құжаттаманы жүргізуде бірыңғай тәсілдерді сақтау түсіндірілді.
Іс-шара барысында әлеуметтік педагог қызметінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелері, міндетті құжаттамаларды жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ білім алушыларды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына ерекше назар аударылды.
Семинардың практикалық бөлімін Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әлеуметтік педагогі Шарипова Сандуғаш Умерзаққызы өткізіп, әлеуметтік педагогтің әртүрлі санаттағы отбасылармен жұмысы тақырыбында мазмұнды материал ұсынды. Баяндама аясында толық емес, көпбалалы, қорғаншылықтағы отбасыларды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы және мигрант отбасыларын сүйемелдеу әдістері жан-жақты қарастырылды.
Әлеуметтік педагогтер асоциалды отбасылармен профилактикалық жұмыс мәселелерін, ведомствоаралық өзара іс-қимыл ерекшеліктерін, мамандардың эмоционалдық күйіп кетуінің алдын алу тәсілдерін, сондай-ақ әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметіндегі эмоционалдық интеллектінің маңызын талқылады. Білім алушыларды табысты әлеуметтендіру мен қолдаудың маңызды шарты ретінде мектеп, отбасы және бала арасындағы тиімді үшжақты байланысты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Семинар барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасты, практикалық кейстерді талқылады, түрлі әлеуметтік санаттағы отбасылар мен балаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ білім беру ұйымында қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар алды.
Іс-шараны қорытындылай келе, әлеуметтік педагогтің қызметі жоғары кәсіби даярлықты ғана емес, сонымен қатар үлкен ішкі ресурсты, эмоционалдық тұрақтылықты, тыңдай білуді, қолдау көрсетуді және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсете білуді талап ететіні атап өтілді. Дәл әлеуметтік педагогтер күн сайын бала, отбасы және мектеп арасындағы байланыстырушы буынға айналып, көмек пен қолдауды аса қажет ететін жандарға дер кезінде қолдау көрсетеді.
Облыстық семинар өңірдің әлеуметтік педагогтері үшін кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және әдістемелік сауаттылықты арттырудың тиімді алаңына айналды.














