23.04.2026
Атбасар қаласында жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып түлектерімен Атбасар ауданының әкімі Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлының және Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Исламов Самат Миндибаевичтің қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шара білім алушылардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде ұйымдастыру аясында өткізіліп, болашақ мамандықты саналы таңдауды қалыптастыруға, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға және кейіннен өңірде жұмысқа орналасуға тартуға бағытталды.
Кездесу барысында Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының қызметі, материалдық-техникалық базасының деңгейі, қызмет көрсетілетін халық саны, сондай-ақ мекеменің даму перспективалары туралы кеңейтілген ақпарат ұсынылды. Аурухананың бірнеше аудан халқына медициналық көмек көрсететіні және көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын аккредитацияға ие екендігі атап өтілді.
Кездесу аясында ауданның денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық қажеттілікке ерекше назар аударылды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, жалпы дәрігерлік практика, фтизиатрия, ультрадыбыстық диагностика, оториноларингология, офтальмология, маммология, онкология, патологиялық анатомия, анестезиология және реаниматология, акушерлік және гинекология, клиникалық фармакология, урология бағыттары бойынша дәрігерлерге, сондай-ақ орта буын медицина қызметкерлеріне – мейіргерлерге сұраныс жоғары екендігі көрсетілді.
Аурухананың бас дәрігері Исламов С.М. медициналық ұйымда еңбек ету жағдайлары, кәсіби өсу мүмкіндіктері және жас мамандарды қолдау шаралары туралы кеңінен тоқталды.
Атбасар ауданының әкімі Әлімжанов К.Г. өз сөзінде өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, туған қалаға тек денсаулық сақтау саласында ғана емес, білім беру, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы және экономиканың басқа да бағыттары бойынша білікті мамандар қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол түлектерді білім алғаннан кейін Атбасар ауданына қайта оралып, оның дамуына үлес қосуға және ауылдық жерлерде еңбек жолын бастауға қорықпауға шақырды.
Іс-шара барысында Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының қызметкерлері – дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері де сөз сөйлеп, өздерінің кәсіби қызметінің практикалық қырларымен бөлісті, тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу конструктивті диалог форматында өтіп, түлектерге медициналық білім алу мүмкіндіктері, бейінді оқу орындарына түсу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Іс-шараның қорытындысында медициналық мамандықтарға түсуге қызығушылық танытқан білім алушылар үшін Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен, заманауи медициналық жабдықтарымен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысты.
Осындай іс-шараларды өткізу әлеуметтік сала мамандықтарының беделін арттыруға, кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және Атбасар ауданының білім беру жүйесі мен экономиканың негізгі салалары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Мотузкова О. С. - кәсіптік бағдар беру әдіскері




