«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес

16.04.2026

2026 жылғы 16 сәуірде білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мурзахметова Л. К. ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және болдырмау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қазақ тілі пәні бойынша аралық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында орын алатын түрлі фактілер мен оқиғалар, оның ішінде тәрбиелік жұмысқа қатысты, құқықбұзушылықтар және жедел әрекет етуді талап ететін өзге де жағдайлар бойынша білім бөліміне уақтылы ақпарат беру қажеттігі атап өтілді. Кеңеске білім бөлімінің қызметкерлері де қатысып, мектеп басшыларымен бірге аталған мәселелерді талқылап, тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.

Просмотров: 27


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст