14.04.2026
Ухта мемлекеттік техникалық университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі Атбасар қаласының мектептерінде өтті
Атбасар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мұнай-газ факультеті деканының орынбасары Овчинникова Вера Владимировна қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына оқу бағыттары, қабылдау шарттары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Мұнай-газ, құрылыс, инженерлік және IT-салалары үшін мамандар даярлау ерекшеліктеріне, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерге ерекше назар аударылды.
Оқушылар практикалық бағыттағы оқыту, университеттің өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастығы және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары, сондай-ақ студенттік өмір мен жоғары оқу орнының инфрақұрылымы туралы ақпарат алды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауына және білімін жалғастыруға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жоғары оқу орындарымен кәсіптік бағдар беру бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Мотузкова О.С. - кәсіптік бағдар беру жөніндегі әдіскер