«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салауатты ұрпақты қалыптастыру: „Адал азамат“ бағдарламасы аясындағы сабақ

08.04.2026

2026 жылғы 7 сәуірде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында Атбасар ауданының барлық жалпы білім беретін мектептерінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған Бірыңғай республикалық сабақ өткізілді. Іс-шара оқушылар арасында денсаулық құндылықтарын нығайтуға, өздерінің физикалық және психологиялық жағдайына саналы көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ белсенді әрі үйлесімді өмір салтын дәріптеуге бағытталды. Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтану қағидалары, дене белсенділігінің маңызы және зиянды әдеттердің алдын алу туралы маңызды мәліметтер алды. Осындай ауқымды іс-шараны өткізу жауапты әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы болды.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст