18.03.2026
18 наурыз күні Атбасар ауданында «Менің туған өлкем» атты онлайн бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Атбасар ауданының 10 мектебінен 5–10 сыныптар арасында білім алатын 29 оқушы қатысты. Қатысушылар туған өлкенің тарихы, табиғаты мен мәдениеті туралы бейнероликтер дайындап, өз шығармашылықтарын көрсетті. Байқау екі жас санаты бойынша өткізілді: 5–7 сыныптар және 8–10 сыныптар. Қазылар алқасы жұмыстарды мазмұндылығы, шығармашылық ерекшелігі және бейнероликтің сапасы бойынша бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды.
1-топ: 5–7 сыныптар
І орын – Вертяков Николай, Атбасар қаласы №3 орта мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІ орын – Фокина Снежана, Атбасар қаласы №5 орта мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Реленбек Іңкәр, Мариновка ауылы №2 орта мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Рустем Амира, Мариновка ауылы №2 орта мектебінің 6-сынып оқушысы.
2-топ: 8–10 сыныптар
І орын – Годованец Анита, Шуйское ауылы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІ орын – Мұрат Нұрсаяш, Атбасар қаласы №8 орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстары жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті. Әрбір бейнеролик туған өлкенің сұлулығы мен ерекшелігін көрсете білді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталып, құттықтаулар қабылдады. Осындай байқаулар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.