«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің туған өлкем: Атбасар ауданының оқушылары шығармашылық бейнероликтерін ұсынды

11.03.2026
10 ақпан 2026 жылы Атбасар ауданы мектеп оқушылары арасында «Менің туған өлкем» тақырыбында бейнероликтердің аудандық онлайн байқауы өтті. Байқауға ауданның 10 мектебінен 29 оқушы қатысты. Қатысушылар өздерінің таланттарын, креативтілігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін және заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, қызықты әрі шығармашылық бейнероликтер ұсынды.
Байқау екі жас санаты бойынша өткізілді: 5–7 және 8–10 сынып оқушылары арасында.
Жеңімпаздар:
1-топ (5–7 сыныптар):
І орын — Вертяков Николай, Атбасар қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІ орын — Фокина Снежана, Атбасар қаласы №5 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІІ орын — Реленбек Іңкәр, Мариновка ауылы №2 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
ІІІ орын — Рустем Амира, Мариновка ауылы №2 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
2-топ (8–10 сыныптар):
І орын — Годованец Анита, Шуйское ауылы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІ орын — Мұрат Нұрсаяш, Атбасар қаласы №8 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.
Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, медиа шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді.
 
Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст