Текст
20.02.2026
18-20 ақпан аралығында ауданымыздың 14 оқушысы "Табиғатты аяла"жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің облыстық форумына қатысты.
Форум тәжірибе алмасу, туған өлкені зерттеуге, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстарды ұсыну алаңына айналды. Үш күн бойы қатысушылар шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын қорғады, конкурстар мен тақырыптық іс-шараларға қатысты.
Сапар балаларға жаңа білім, пайдалы таныстар мен жарқын әсерлер сыйлады.











