«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылармен жүргізілетін жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жалпы білім беру ұйымдарында олардың саналы кәсіби өзін-өзі айқындауына бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

10.02.2026
Оқушылармен жүргізілетін жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жалпы білім беру ұйымдарында олардың саналы кәсіби өзін-өзі айқындауына бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Аталған жұмыс шеңберінде Атбасар қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің 9 «Б» сынып оқушылары Атбасар қаласының «Аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК-не барды. Кәсіби бағдар беру экскурсиясы барысында оқушылар колледждегі оқу жағдайымен, мамандар даярлау бағыттарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.
Колледж өкілдері оқушыларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, оқу мерзімдері мен түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың техникалық және жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби білім беру жүйесі туралы түсініктерін кеңейтуге, сондай-ақ болашақ білім алу бағытын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
Мотузкова О. С. - кәсіптік бағдар беру әдіскері
Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст