«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шахмат мұғалімдеріне арналған семинар

02.02.2026

№ 3 орта мектеп базасында «Шахматты нөлден оқыту: педагогтерге арналған қолжетімді тәсілдер мен практикалық әдістемелер» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараға Атбасар ауданының педагогтері қатысты. Қосымша білім беру педагогі, шахматтан спорт шеберлігіне кандидат — Забанов Игорь Николаевич қатысушыларды шахмат тарихымен таныстырып, шахматтың білім алушыларды дамытудағы рөлі туралы айтып өтті, ойынның негізгі ережелерін түсіндіріп, ойындық жаттығуларды көрсетті. Семинардың практикалық бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Бұл кезеңде педагогтер алған білімдерін іс жүзінде қолданып, өздерін ойын барысында сынап көрді. Семинар жылы әрі нәтижелі атмосферада өтіп, қатысушыларға білім алушылармен жұмыс істеуге жаңа идеялар мен мотивация сыйлады ♟️.

Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст