30.01.2026
2026 жылғы 30 қаңтарда Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасылық құндылықтардың маңызы және жасұрпаққа тәрбие берудегі дәстүрлер» тақырыбындағы аудандық директордың тәрбие ісі жөріндегі орынбасарлары интенсиві өтті. Семинардың мақсаты:
Отбасылық құндылықтардың қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі маңызын ашу, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, жауапкершілік, сыйластық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту. Семинардың ашылуы мектеп директорының міндетін атқарушы Харахыз Бақытгүл әріптестерге сәттілік тілеп, «Мектеп өмірі» жайлы мәлімет беріп өтті. Семинарда негізгі атқарылған жұмыстар Тайбагарова З.Қ. Бастауыш сынып мұғалімі 4 сыныпқа «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағатын, Ерболат Т ағылшын пәнінің мұғалімі
6 сыныпқа сыныпқа «Үлкенге құрмет-кішігеізет» тақырыбында, Мусайф Ж педагог-психолог «Отбасы құндылығы» тақырыбында тренинг, Тойшубекова Б. А.«Отбасы тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында мастет класс және Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Бақытгүл «Өнер-өмір өзегі» тақырыбында іс-шара өткізді. Барлығы жоғары деңгейде өткізді. Қорытынды бөлімінде Жанахметова Д. Т. Әрбір өткізілген іс-шараларға талдау жасап алғысын білдірді.
