«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығының екінші күні: түсіну, қабылдау және қолдау

27.01.2026


2026 жылғы 27 қаңтарда Атбасар ауданының білім беру ұйымдарында Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығы аясында инклюзивті және психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасын тапты.
Атбасар қаласындағы «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті психологы Баженова А.В. педагогтерге арналған «Түсіну, қабылдау, қолдау» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің эмпатия дағдыларын дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қабылдау мен тиімді қолдау көрсету қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге психологиялық дайындығын арттыру.
Апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес Атбасар қаласындағы «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинетінің педагог-психологы Дюбкина Л.В. педагогтерге арналған «Ерекше бала. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала» тақырыбында лекторий өткізді. Лекторий «дөңгелек үстел» форматында ұйымдастырылып, педагогтерге инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді. Кездесу барысында оқу дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтары бар, мінез-құлықтық және эмоциялық бұзылыстары кездесетін балалардың даму ерекшеліктері, бұл қиындықтардың пайда болу себептері мен олармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері қарастырылды. Педагогтерге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-тәрбие процесінде табысты өзара әрекеттесуге арналған практикалық ұсыныстар берілді.
Атбасар қаласындағы «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ППҚҚ апталығы аясында педагогтер мен ата-аналарға арналған «Баланың еркіндігін шектеудің салдары» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті әлеуметтік педагог Тажибаева Ж. жүргізді. Қатысушылар баланың еркіндігін шамадан тыс шектеу мен қатаң бақылаудың оның психологиялық және әлеуметтік дамуына кері әсері туралы пікір алмасты. Баланы тәрбиелеуде еркіндік пен жауапкершіліктің тепе-теңдігін сақтау, сенім мен қолдаудың, жеке үлгінің, махаббат пен түсіністіктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Сочинское ауылының негізгі орта мектебінде әлеуметтік педагог Дубовская М.А. ата-аналарға арналған «Мектепте баланы қалай қолдауға болады» тақырыбында шағын тренинг өткізді. Негізгі жаттығу – «Баланың көзімен бір күн» тапсырмасы болды. Бұл жаттығу арқылы ата-аналар оқу үдерісінде балалардың қандай қиындықтарға тап болатынын өз тәжірибесінде сезінді. Кездесу қорытындысында баланы бағалаудан гөрі түсіну, назар аудару және сабырлы қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығының екінші күні педагогтер, мамандар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы әрбір баланың табысты дамуы, әлеуметтенуі мен әл-ауқатының маңызды шарты екенін көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, ынтымақтастығы және балалар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Мотузкова О.С. – инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскер, әлеуметтік педагогтардың жұмысын үйлестіруші.

 

 

 

 

Просмотров: 99


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст