«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ОАМ 27.08.2022 жылғы № 381 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
1. Экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология- барлығы 14 орын, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 12 235. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);
Қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін 2025 жылғы 22 қаңтардан бастап 2026 жылғы 12 ақпанға дейін (қоса алғанда) мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
- Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
- балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
- педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;
- педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
- Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
- Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
- Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, қол қойылады, мөрмен (бар болса) және басшының қолымен расталады.
Ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімге қатысуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарды қамтамасыз еткен ұйымдарға рұқсат етіледі, атап айтқанда ЖБО-ға міндетті түрде қосылған цифрлық бейнебақылау камераларын орнатуға, объектіні дабыл батырмасымен, турникетпен және физикалық қорғау. Осылайша, оқу процесiнiң жағдайларын және педагогтар мен оқушылардың еңбек жағдайларын оңтайландыру мақсатында жоғарыда аталған Нұсқаулықтың қауiпсiздiктi ұйымдастыру үшiн қажеттi барлық тармақтарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн жеке үй-жайды (үйдi) жалға алу немесе сатып алу мүмкiндiгiн қарастыру қажет болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Құжаттарды қабылдау Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Майкөтов көшесі, 50 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, ooatbasar@yandex.kz, байланыс телефоны: 2-55-72