19.01.2026
Тарих апталығы аясында Атбасар қаласындағы №3 орта мектепте 10 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Түрік империясы – көшпелілер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түрік империясының мұрагерлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: VIII–XIII ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің даму үдерісін цифрлық мәтін арқылы зерттеу
Сабақ барысында «Адал Азамат» бағдарламасының құндылықтары жүзеге асырылды: тарихи мұраға құрмет, жауапкершілік, азаматтық ұстаным және өзін-өзі дамытуға ұмтылыс.
Сабақта Skaffold әдістемесі қолданылды: оқушылар цифрлық мәтінмен скаффолд-карталар арқылы жұмыс жасап, негізгі идеяларды анықтауға, ақпаратты жүйелеуге және біртіндеп дербес жұмыс істеуге үйренді.
Дереккөздерді талдау, фактілерді салыстыру және проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы оқушылардың сыни ойлау, дәлелдеу және зерттеушілік дағдылары дамытылды. Мұғалім: Иржанова Б.Е.