09.01.2026
2026 жылғы 5–9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында 9 және 11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадада Атбасар ауданынан ауданның 6 жалпы білім беретін мектебінен 11 оқушы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша ауданымыздың 4 оқушысы жоғары білім деңгейі мен дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ тілі пәні бойынша 🥇 I орын — Орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі пәнінен №2 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Шамилов Кемаль.
Орыс тілі пәні бойынша 🥈 II орын — №5 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Амирова Аяжан.
Орыс тілі пәні бойынша🥉 III орын — №3 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Дылёва Эвелина.
Олимпиадаға сәтті қатысқаны үшін №2 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Зарипова Венера грамотаға ие болды.
Олимпиаданың басқа қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Оқушыларымызды, олардың ата-аналары мен педагогтерін лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетулеріне тілектеспіз! 🌟


