06.01.2026
6 қаңтар күні № 2 жалпы білім беретін мектепте директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының секция отырысы өтті. Отырыс барысында (Bilim Class) мониторингі нәтижелері бойынша білім сапасы мәселесі қаралды. Практикалық бөлімде № 7 мектептің директордың орынбасары Шакеева М. Е. мектепішілік бақылау бойынша хакатон өткізіп, қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді тәсілдерді талқылады.